Е.Керейдің сөзіне қарағанда, Саммит өтетін 1-2 желтоқсан күндері Астана әуежайының бар күш-жігері шараның ресми қонақтарын қарсы алуға және шығарып салуға жұмылдырылатын болады. Сол себепті бұл күндері ішкі рейстер Қарағандыға бағытталатын болады. Айта кетейік, Астана әуежайы күн сайын 80 рейс қабылдайды, оның ішінде халықаралық бағыттар бар.
Еске салайық, 2006 жылы Санкт-Петерборда Үлкен сегіздік саммиті өткен кезде, Астана әуежайынан үш есе үлкен «Пулково» әуежайы үш күнге жабылған болатын. Халықаралық рейстер Финляндия мен Таллинге, ал ішкі рейстер Кіші-Новгород пен Мәскеуге бағытталды. Ал елорда әуежайы қаладағы жалғыз әуежай болғандықтан, ол логикалық тұжырымдармен жабылмай, оның тек ішкі рейстерін жақын маңдағы қалаға ауыстыру туралы шешім қабылданды.
Қарағанды әуежайы директорының сөзіне қарағанда, бүгінгі күні әуежай Астананың барлық рейстерін қабылдауға толығымен дайын. Азаматтар Қарағандыдан Астанаға еш кедергісіз жету үшін қосымша темір жол көліктері, автобустар мен электр пойыздары шығарылды.