Қазіргі уақытта қызылша жұқтырған 183 адам ауруханаға жатқызылды, ауыр жағдайдағы 19 бала жансақтау бөлімінде жатыр.
Самоа билігі елде төтенше жағдай жариялады. Аралда мектептер мен оқу орындары жабылды. Денсаулық сақтау министрлігі 16 қазан күні адамдар қайтыс бола бастағаннан кейін эпидемия туралы хабарлады. 18 қараша күні жалпы вакцинация басталды.
Соңғы екі аптада аралдағы мемлекетке 200 мыңға жуық вакцина жеткізіліп, қызылшаға қарсы жалпылама вакцинация кезінде 58 мың жергілікті тұрғынға екпе жасалған. Аралдағы жалпы халық саны - 200 мыңға жуық.