Самоаға цунами төнді, құрбан болғандар бар

None
АСТАНА. Қыркүйектің  30-ы.  ҚазАқпарат -  Батыс Самоаға  төнген  цунамидің салдарынан    бірнеше адам  қаза тапты.  Бұл туралы   хабарлаған     жергілікті     полиция   өкілдері,     олар құрбан болғандардың  нақты  санын  айтқан жоқ,

деп  хабарлайды   Reuters   жергілікті   бұқаралық ақпарат құралдарына  сілтеме  жасап.

Дегенмен,  үлкен толқындардың  аралдың ішіне  қарай 800 метрден 1 мың 600 метр қашықтыққа  дейін  еніп,    үлкен   зардап  келтіргені      мәлім  болды.  Жергілікті     өкіметтің  хабарлауынша,  қазіргі  уақытта     қаза тапқандардың санын     нақтылау    мүмкін емес, себебі   көптеген алыс    деревнялармен  байланыс   жоқ -     биіктігі 2 метрден  6 метрге дейін  жеткен      бірнеше толқын   барлық коммуникацияны      бұзған.     Бірақ та,   100-ге  жуық  адамның    опат   болу ықтималдығы    айтылуда.

Цунами    Рихтер бағамы  бойынша күші 7,9 балдық  қуатты   жер  сілкінісінің  салдарынан орын алып  отыр.   Зілзаланың  кіндігі      Тонго аралының  солтүстік-шығысына  қарай  180  шақырымдай қашықтықта,   Самоа аралының  оңтүстік-батысына қарай 200 шақырымдай  қашықтықтай  жерде     тіркелген.  Ақпараттар  түсіп жатыр.