СЕМЕЙ. ҚазАқпарат – Семей қаласында самоган қайнатпақ болған ер адамның аяғын күйік шалған, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Қалалық төтенше жағдайлар басқармасы баспасөз қызметінің хабарлауынша, оқиға Краснокордонная көшесінде болған. Анықталғандай, жеке тұрғын үйдің жертөлесінде ер адам самагон дайындау кезінде қосылып тұрған газ баллонына спирт төгіп алады.
«Тілсіз жаудың аумағы 0,5 шаршы метрді құрады. Ағаш жиһаз бен қоқыс өртенген. Қызыл жалынды өз бетімен өшірмек болған үй иесінің аяғы күйіп қалған. Қазіргі уақытта ол ауруханада жатыр», - деп хабарлады ведомство өкілдері.
Талғатжан Мұхаметбекұлы
Өскемендегі С.Аманжолов атындағы ШҚУ-ды "Журналистика" мамандығы бойынша тәмамдаған. Еңбек жолын 2015 жылы ШҚО "Алдаспан" газетінде тілші болып бастады. ШҚО "Менің өлкем" газетінде тілші, республикалық "Жас қазақ", "Заң" газеттерінде Шығыс Қазақстан облысы бойынша меншікті тілші, ШҚО "Менің өлкем" газетінің бас редакторы қызметтерін атқарған. Kazinform агенттігінде 2021 жылдан бері жұмыс істеп келеді.