Желэнергетикасы еуропалық қауымдастығының/European wind energy association (EWEA) мүшелігіне өткен алғашқы қазақстандық компания болды.
Бұл туралы АҚ-ның баспасөз қызметінен хабарлады. Желэнергетикасы еуропалық қауымдастығы Еуропадағы желэнергетикасы саласындағы кәсіби шеберлердің ең мықты желісі, ол аталмыш индустрияның 700-ден астам негізгі ойыншысының басын қосады. 30 жылдан астам уақыт бұрын құрылған EWEA жаңғырмалы энергия көздеру жөніндегі Еуропалық Одақтың құрамына кіреді.
EWEA-ның көпжылдық кәсіби тәжірибесі мен мүмкіндіктерінің көмегімен «Samruk-Green Energy» халықаралық желэнергетикасы аренасында Қазақстан Республикасы атынан қатысуға және оның мүдделеріне өкілдік ету мүмкіндігіне ие.