Samsung АҚШ-та сатылым жағынан Apple-ді басып озды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Солтүстік Америкада Samsung компаниясының смартфондары екі жылда алғаш рет Apple компаниясының сатылымынан асып түсті, деп хабарлады ВВС агенттігі «Strategy Analytics» маркетингтік агенттігіне сітлеме жасап.

Агенттік хабарламасында 2016 жылдың екінші тоқсанында Самсунг өндірушілері Солтүстік Америка нарығының жартысына жуығын иеленгені айтылған. Бұл орайда «Samsung Electronics» пен «LG Electronics» компанияларының бірлескен үлесі 49 пайызға жеткенін айта кету керек.
«Көрсетілген кезеңде «Samsung Electronics» үлесі 5 пайызға артып, 32,7 пайызға жетті», делінген агенттік хабарламасында. Ал, Apple үлесі осы кезеңде 24,5 пайызға қысқарған.

Шілде соңында Apple компаниясы телефон сатылымы төмендегенін көрсетті.
Компания смартфон сатылымы өткен жылмен салыстырғанда 15 пайызға азайғанын мәлімдеп отыр.