Жалпы алғанда, компания 2013 жылдың үшінші тоқсанында Солтүстік Америкада, Еуропа, Азия, Африка және Таяу Шығыста 120 млн. ұялы телефонды жеткізді. Бұл 2012 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 16,6%-ға жоғары.
Әлемдік нарықтағы Samsung үлесі үшінші тоқсанда рекордтық 28,7%-ды құрады. Компания Nokia, Apple және LG Electronics-ке қарағанда көбірек ұялы телефон жеткізді, деп жазады «Газета.Ru».
00:07, 14 Қараша 2013
Samsung әлемдегі ұялы телефондар нарығында алғаш рет көшбасшы болды
АСТАНА. 14 қараша. ҚазАқпарат - Оңтүстік Корея компаниясы алғашқы рет әлемдегі ұялы телефондар нарығында көшбасшы болды, деп хабарлайды «Ренхап» агенттігі Strategy Analytics зерттеу фирмасының мәліметтеріне сілтеме жасап.