«Samsung мамандары болған оқиғадан хабардар. Біз осындай жағдайдың орын алуына себеп болған өнімді алғаннан кейін кешіктірмей зерттеуді бастаймыз. Біз өзіміздің тұтынушыларымыздың қауіпсіздігіне бей-жай қарамаймыз. Samsung Kazakhstan баланың ата-анасымен оларға қажетті қолдау көрсету және осы жағдайды одан әрі анықтау үшін байланысты үзбейді», - делінген компанияның хабарламасында.
Еске сала кетейік, жеті жасар қыз қалтасындағы "Samsung Galaxy S2" ұялы телефоны жарылғаннан кейін үшінші деңгейде жарақат алған. Ол ауруханаға жатқызылды, ата-анасының сөзіне қарағанда, оның терісін жамау үшін отаға дайындап жатыр.