Сатылымда смартфондардың көбеюі салдарынан Samsung бизнесінің түсімі азаюда. Сарапшылардың пікірінше, компания тағы да осындай мөлшердегі пайдасынан айырылуы мүмкін.
Өткен жылдың 29 қарашасынан бастап Samsung өнімдері 13%-ға арзандаған. Салыстыра алғанда, бұл компания жапондық Sony компаниясына қарағанда, капиталдандырудан көбірек зардап шекті (18,2 млрд долл.). Мәселен, кәрістердің басты бақталасы американдық Apple компаниясының акциялары бар болғаны 4,2% арзандаған.
Оңтүстік Корея компаниясының акциялары тағы 11% арзандауы мүмкін, деп санайды Berenberg Bank сарапшысы Аднаан Ахмад. Bloomberg мәлімдеуі бойынша, ол соңғы 12 ай ішінде Samsung акцияларының серпінін дәлме-дәл болжаған. Компания капиталдандыруының азаю себебі - бизнесінің төмендеуінде. Қазан және желтоқсан айларының аралығында оңтүстіккорейлік компанияның операциялық табысы 6%-ға, яғни 8,3 трлн. вонға (7,8 млрд. долл.) дейін төмендеген.
Samsung компаниясы қаңтар айының соңында толық есебін көпшілікке ұсынбақ. Сарапшылардың пікірінше, оның табысының құлдырау себебі компанияның 20 жылдығына қызметкерлеріне шамамен 1 млрд. долларды құрайтын бонустың төленуінде ғана емес. Daewoo Securities бағалауы бойынша, төртінші тоқсанда компания бар болғаны 13 млн. Galaxy S4 смартфондарын сатқан, ал алдыңғы тоқсанда сату көлемі 17 млн.-ды құраған болатын.