Samsung экспорт үшін Galaxy Note 7 смартфонын шығаруды тоқтатты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Оңтүстіккореялық Samsung Electronics компаниясы Galaxy Note 7 аккумуляторларының тұтап кететіні туралы хабарламалардан кейін смартфондарды экспорттауды уақытша тоқтатты, деп жазды РИА Новости Рёнхап агенттігіне сілтеме жасап.

«Атап айтқанда, бұл шара халықаралық жеткізулермен айналысатын Вьетнамдағы Samsung зауытына қатысты», - деп хабарлады оңтүстіккореялық агенттік.

Оңтүстік Кореяда Note 7 моделінің сатылымы 19 тамызда басталды, ал қыркүйек айының басында АҚШ, Оңтүстік Корея, Тайванда смартфондардың қуаттау кезінде өртену фактілері хабарланған соң, компания 2,5 млн. смартфонды әлемдік нарықтан қайтарып алу туралы шешім қабылдады.