Samsung Electronics ЭКСПО-2017 серіктесі болмақ
Бұл туралы «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ баспасөз қызметі хабарлады.
Оңтүстік Корея корпорациясының өкілі компанияның «Астана ЭКСПО-2017» ҰК-ға серіктес болуға және алдағы көрмеге қатысуға ниетті екенін растады. Тараптар ынтымақтастықтың мүмкін бағыттарын талқыланды. Жақын арада ұлттық компания Samsung Electronics серіктестік туралы меморандумға қол қою жоспарланып отыр.
Айта кетейік, «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесіне дайындық және оны өткізу мақсатында 2013 жылғы 15 қаңтарда құрылған. Көрме 2017 жылғы 10 маусым - 10 қыркүйек аралығында Астана қаласында өткізіледі. Көрмеге 100 елден кем дегенде 10 халықаралық ұйымдар, 10 жетекші инновациялық технологиялық компаниялар қатысады деп жоспарланып отыр. Жалпы алғанда көрмеге 2 миллионнан астам адам келеді.