Samsung Galaxy S7 қаңтарда шықпайтын болды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Samsung компаниясы жыл қорытындысына байланысты өткізетін баспасөз конференциясына шақыруда теледидар мен тұрмыс техникасына көбірек көңіл бөліп жатқандығын атап өткен. Осыған дейін Samsung Galaxy S7 келер жылдың қаңтар айында шығарылады деген ақпарат болған еді, деп жазады 24.kz.

Жалпы, естеріңізге сала кетсек, бұл модельдің осы жылдың соңына дейін пайда болуы мүмкін деген де хабар болған. Бірақ, ірі ұялы байланыс операторы China Mobile компаниясының презентациясы кезінде бір слайд көзге шалынып қалған екен. Сөйтсе, ол жерде Galaxy S7 смартфонының шығарылуы наурызға жоспарланғаны туралы жазылыпты. Бұл ақпараттың рас болуы әбден мүмкін. Себебі ұялы байланыс операторлары өзгелерден гөрі смартфон өндірушілермен өзара тығыз әрекеттеседі, деп жазады gazeta.ru. Фото:blogspot.com