Осы ретте компания YouTube сайтында небәрі 14-секундтық тизерді жариялап, бүкіл әлем көруге асығып отырған смартфондардың ұсынылатын күнін жария етті. Мұнымен қоса, роликтен компанияның виртуалды шындыққа арналған VR-көзілдірігін көруге болады. Соған қарағанда, бұл көзілдірік жетілдіріліп, роликтерді 360 градуста көрсететін деңгейге жеткен болуы мүмкін, деп жазады iphones.ru-ға сілтемемен 24.kz.
01:34, 02 Ақпан 2016
Samsung Galaxy S7 смартфонын 21 ақпанда ұсынады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Оңтүстік Корея елінен шыққан технологиялық алпауыт Galaxy S7 және Galaxy S7 edge смартфондарының жалпақ жұртқа ұсынылу мерзімін атады. Көптен күткен гаджет Барселонада өтетін MWC көрмесінің қарсаңында көпшілікке ұсынылады.