Samsung Galaxy смартфондары баяу сатылуда - сарапшылар

АСТАНА. ҚазАқпарат - Samsung компаниясының операциялық кірістері өткен тоқсанда былтырғы жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 60 пайызға төмендеді, деп хабарлады Би-Би-Си.

Оның себебін компания сарапшылары Galaxy смартфондарының баяу сатылуынан көріп отыр.

Оңтүстік Кореялық компания ұялы телефондар мен теледидарларды шығаратын әлемдегі ірі өндурішелірдің бірі, оның операциялық кірісі үшінші кварталда 4,1 триллион вонды құрады.

Бұл сарапшылар болжамынан триллион вонға төмен.

Компанияның толықтай қаржылық есебі кейінірек қазан айында белгілі болады.