LG өкілдерінің айтуына қарағанда, 2016 жылы осындай теледидар шығару екі есеге қысқартылады. Егер 2015 жылы LG компаниясының жаңа өнімдерінің 40% 3D қолданса, биыл олардың саны 20 пайызға азаяды. Бұл тек аса қымбат құрылғыларда ғана.
Pocket-lint жазуына қарағанда, Samsung 3D технологияны қолданудан бас тартқан. 3D көзілдірік шығарушылар осы компаниядан 2016 жылға тапсырыс алмаған. Сарапшылардың ойынша, бұл қадам - тұтынушыларға арналған құрылғыларды осы технологияның орнатылмайтындығын білдіреді.
Еске сала кетсек, соңғы 2-3 жылда 3D-контенттің кең таралмауы байқалуда. Ірі медиажелілер осы бағыттағы өнім шығаруын тоқтатты, шыға қалғанның өзінде ол белгілі бір мақсатқа арналған бірен-саран бағдарлама ғана.