Samsung пен Philips 3D-теледидар шығарудан бас тартты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Биыл шығатын Samsung және Philips теледидарларында 3D технологиясы қолданылмайды. Екі ірі компания таяуда ғана атағы жер жарған «үш өлшемді» технологиядан бас тартуы бұл технологияның жойылуы үдерісінің басталғанын көрсетеді, деп мәлімдеді Forbes басылымы.

Оңтүстік кореялық Samsung компаниясы өз шешімін 3D-ға сұраныстың аздығымен, сондай-ақ тиісті контенттің көп еместігімен түсіндірді. 3D орнына Samsung UltraHD-теледидар және QLED-дисплей (нүктедегі дисплей - түстік қамтуды және энергия тиімділікті арттыруға мүмкіндік беретін перспективалық технология) өндіруді жоспарлауда.