Samsung Note7 смартфондарын кері қайтара бастағаннан бері компанияның нарықтық капиталы $26 млрд-қа түсті, деп хабарлайды Engadget. Бұл компания акцияларының 2008 жылғы экономикалық дағдарыстан кейінгі алғашқы құлдырауы.
Samsung 20 қыркүйектен бастап смартфондардың жанып кетуін болдырмауға арналған патч шығармуды қолға алды. Ол батареяның қуатталуын 60%-дан жоғары көтермейді. Өндіруші патчтың Кореядан басқа елдерге таралу, таралмауына қатысты мәлімет берген жоқ.