Samsung смартфоны адамды оның суретінен қас қағуы бойынша айыратын болады

АСТАНА. 30 наурыз. ҚазАқпарат - Samsung Android 4.0 операциялық жүйесінің құрамына кіретін Face Unlock құралын одан ары жетілдірмек, деп хабаралайды SlashGear.

Face Unlock  немесе фейсбақылау телефон иесін бет әлпетінен танитын қорғаныш қызметін атқарады. Қолданушы құпия кодты енгізіп немесе  пернелерді басып отырмай-ақ, смартфонының алдыңғы бейнекамерасын өз бетіне тақаса болғаны, блок өзі ашылады.

Бұрындары «Фейсбақылауды» фотосурет көмегімен оп-оңай «алдап» кетуге болатын. Осындай келеңсіздіктерді болдырмау үшін ендігі смартфондар иесінен қас қағуын «талап ететін» болады. Иесі оның талабын орындамайынша, ол да блогынан шықпай қояды.

Жаңартылған Face Unlock жуық арада Samsung шығаратын операциялық жүйелердің біріне Android 4.0 базасымен жарыққа шығады. Оның дәл уақыты әзірге жарияланбай отыр.