«Аталған компанияның бұрынғы қызметкері Т.Ж. Наурызбаевты елге қайтару Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы мен АҚШ Әділет департаментінің Тергеу федералды бюросы арасындағы ынтымақтастығының нәтижесінде мүмкін болды. Т.Ж.Наурызбаев 4 млн астам долларды қолды қылған», - делінген хабарламада.
Бас прокуратураның хабарлауынша, тараптардың үйлесімді жұмысының арқасында жәбірленуші компанияға қаражатының көп бөлігі (2,7 млн АҚШ доллар) өндірілген.
Өткен жылдың соңында Наурызбаев Қазақстанға АҚШ-тан депортацияланды. Ол биылғы жылдың ақпан айында Медеу аудандық соттың үкімімен Қылмыстық кодекстің 190-бабының 4-бөлігі 2-тармағымен кінәлі деп танылып, 5 жылға бас бостандығынан айырылды.