Самұрық-Қазына елордадағы 6,5 мың қызметкерінің 10 пайызын қысқартады

Фото: 2gis.kz

АСТАНА. KAZINFORM — Самұрық-Қазына қоры елордадағы 6,5 мың қызметкерінің 10 пайызын қысқартады. Бұл туралы аталған қордың басқарма төрағасы Нұрлан Жақыпов айтты. 

— Біз әкімшілік-басқарушылық қызметкерлерді 10 пайызға қысқартамыз. Барлық корпоративтік шешім қабылданды. Еңбек заңнамасына сәйкес жұмыс істеп жатырмыз және наурыз айының соңына дейін бұл шешім толық жүзеге асырылады деп ойлаймын, — деді ол Ақордада.

Оның айтуынша, Самұрық-Қазына қорының Астанадағы қызметкерлерінің саны — 6,5 мың адам.

— Сондықтан біз 650-дей адамды қысқартамыз, — деп нақтылады Нұрлан Жақыпов. 

Еске салсақ Президент Үкімет пен «Самұрықтың» жұмысын сынаған еді

Айта кетейік, «Самұрық-Қазынаға» үш қалада ЖЭО салу мәселесін шешу жүктелген еді.