«Самұрық-Қазына»: «ҚТЖ»-ны дефолт алдында тұр деп айтуға болмайды

АСТАНА. KAZINFORM – «Самұрық-Қазына» әл-ауқат қоры экономика және жоспарлау департаментінің директоры Мират Өтепов Жоғары аудиторлық палата төрағасы Әлихан Смайыловтың «Қазақстан темір жолы» компаниясының дефолт алдында тұрғаны туралы мәлімдемесіне пікір білдірді.

Фото: Солтан Жексенбеков/Kazinform

«Самұрық-Қазына» АҚ экономика және қаржы жөніндегі басқарушы директоры Айдар Рысқұлов қордың 2023 жылғы қаржылық көрсеткіштерін жариялауға арналған баспасөз мәслихатында «ҚТЖ» ұлттық компаниясы өткен жылды қаржылық тұрғыда жақсы аяқтағанын айтты.

«Жоғары аудиторлық палата «ҚТЖ-ның» қарыздары 2,9 трлн теңгеге жеткенін айтып, компания дефолт алдында тұрғанын айтқан еді. Сіздің баяндамаңызда керісінше. Сондай палата төрағасы Ә.Смайыловтың мәлімдемесімен келіспейсіздер ме?» - деп сұрады БАҚ өкілі.

Мират Өтеповтің айтуынша, қазір «ҚТЖ» бұрынғыдай қымбат қарыздарға ұрынуды азайтқан.

«Бұл жерде дефолтты жағдай деп айтуға болмайды. Себебі қазіргі таңда «ҚТЖ»-ның қаржылық тұрақтылығын небір беделді рейтинг агенттіктері растап отыр. Бұлардың болжаулары жаңымды, оң көрсеткіш. Себебі «ҚТЖ»-ның сыртқы қарызы жылдан-жылға азайып келеді. Кезінде болған қымбат қарыздарды жеңілдетуге жұмыс істеп жатырмыз. Сол себептен дефолтты жағдайда деп айта алмаймыз. ҚТЖ-ның қарызы толықтай бақылауымызда», - деді ол.