Басқосуда Жетісу өңірінде қуаты 1 ГВт жел электр станциясын салу бойынша бірлескен жобаны жүзеге асыруға қатысты мәселе талқыланды. Станцияда инновациялық электр қуатын сақтау жүйесі орнатылады. Пайдалануға беру 2028-2029 жылдарға жоспарланған.
Тараптар биыл маусым айында Астана халықаралық форумы аясында қол қойылған жобаның жол картасында белгіленген іс-шаралардың сәтті жүзеге асырылып жатқанын атап өтті.
Бүгінде тариф келісіліп, мердігерлермен электр қуатын тарату схемасын әзірлеуге және жел діңгектерін орнатуға келісім-шарт жасалып, іздестіру жұмыстарын жүргізу үшін жер телімін бөлу туралы әкімдіктің қаулысы алынды.