«Самұрық-Энерго» АҚ Басқарма төрағасының бірінші орынбасары қызметін атқарушы болып Дүйсенбай Тұрғанов тағайындалды

АСТАНА. 9 маусым. ҚазАқпарат - «Самұрық-Энерго» АҚ Басқарма төрағасы Ерлан Ұпышевтың 2011 жылдың 8 маусымындағы бұйрығымен Дүйсенбай Тұрғанов «Самұрық-Энерго» АҚ басқарма төрағасының бірінші орынбасарының қызметін атқарушы болып тағайындалды,

деп хабарлайды бүгін компанияның баспасөз қызметі.

Бұрын осы қызметті атқарған Есберген Әбітаев өндірістік-техникалық мәселелер жөніндегі басқарушы директор қызметіне тағайындалды.