«Самұрық-Энерго» АҚ Директорлар кеңесінде өзгерістер орын алды

АСТАНА. ҚазАқпарат - «Самұрық-Энерго» директорлар кеңесінің құрамында өзгерістер болды, деп хабарланды Қазақстандық қор биржасының баспасөз қызметінен.

Облигациялары Қазақстандық қор биржасының (KASE) ресми тізімінде бар «Самұрық-Энерго» АҚ KASE-ге ресми хат арқылы жалғыз акционер - «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ басқармасының 2015 жылғы 15 маусымдағы шешімімен «Самұрық-Энерго» АҚ-ның Директорлар құрамына: Бектеміров К.А., Лука Сутера, Спицын А.Т., Сәтқалиев А.М» тағайындалғаны туралы хабарлады.