Бұл құжатты «Самұрық-Энерго»АҚ Басқарма Төрағасы А.Сәтқалиев пен Қытайдың халықаралық су шаруашылығы және энергетика корпорациясының Президенті Ван Юй бекітті.
Құжатты жасаудағы мақсат - екі ел арасындағы әріптестікті дамытып, Қазақстанның электр энергетикасы саласына қосымша инвестициялар тарту. Бұл бағытта алдымен жаңғыртымды қуат көздері және Қазақстанның оңтүстік өңірлерін электр қуатымен қамтитын жобаларға ерекше көңіл бөлінбек.
Атап айтқанда құжат Шелек ауданын дамытудың негізгі параметрлерін және Кең су өзенінің арнасын Бестөбе су қоймасына бұру бастамаларын қамтиды.