"Самұрық-Энерго" тобына кіретін компаниялар сатып алатын тауар мен қызметті 2010 жылы 909 млрд. теңге көлемінде болжауда

АЛМАТЫ. Желтоқсанның 11-і. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - "Самұрық-Энерго" ҰК" АҚ 147 миллиард теңгенің тауар мен қызметін сатып алуға келісім жасады.

Бұл жайлы  бүгін Алматыда өткен  "Мемлекеттік тапсырыс-2010" акциясы аясында өткен алқалы басқосуда белгілі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

 "Компаниялар тобы сатып алатын тауар мен қызмет түрлеріндегі    қазақстандық қамтудың көлемі  126 миллиард  теңге немесе 87 пайызды құрап отыр.  Алматы кәсіпорындарымен  74 миллиард  теңгенің келісімі жасалды. Оның  28 миллиарды - тауар, 19,7 миллиарды - жұмыс, 24 миллиарды - қызмет. Келісім бойынша оларға 42,6 миллиард  теңге төленді. Бұл төлемдердің  56 пайызы", дейді "Самұрық-Энерго" ҰК" АҚ-ның Басқарма төрағасы Ерлан Упушев. 
  Е. Елемесұлының айтуынша, Алматы қаласындағы  сатып алулардағы қазақстандық үлес 63 миллиард теңгені немесе  86 пайызды құрайды. Компаниялар тобы алдағы жылы енді 909 миллиард теңгенің сатып алуларын жасауды көздеп отыр.