АСТАНА. 11 ақпан. ҚазАқпарат - 2012 жылдың 2 ақпанда ҚР Үкіметінің №194 Қаулысымен «Самұрық-Қазына» АҚ Директорлар кеңесінің құрамына ҚР Экономикалық даму және сауда министрі ретінде Бақытжан Сағынтаев енді, деп хабарлайды қордың баспасөз қызметі.
Бұдан басқа, Директорлар кеңесінің мүшелері болып ҚР Президент Әкімшілігі Басшысының орынбасары ретінде Бақыт Сұлтанов, ҚР Премьер-Министрдің орынбасары ретінде Қайрат Келімбетов және ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрі ретінде Әсет Исекешев қайта сайланды.
Премьер-Министр Кеңсесінің басшысы Ерлан Қошанов Жақанұлы Г.Р.Абдрахимовтың орнына «Самұрық-Қазына» АҚ корпоративті хатшысы лауазымына тағайындалды.
Руслан Ғаббасов
Ақмола облысының Біржан сал ауданында дүниеге келген. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің журналистика факультетін бітірген. 2005 жылдан бері «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігінде жұмыс істеп келеді.