«Самұрық-Қазына» АҚ еншілес ұйымдарының қайта құрылымдалуға тиіс нысандары мен профильді емес активтерінің тізімін жариялады

АСТАНА. 15 шілде. ҚазАқпарат - «Самұрық-Қазына» АҚ еншілес ұйымдары «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ, «Қазатомпром» ҰАК» АҚ, «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ және «Самұрық-Энерго» АҚ бірге өз нысандары мен профильді емес активтерін іске жарату, жою, қайта ұйымдастыру, сондай-ақ, орталық және жергілікті атқарушы органдарға беру жолымен, қайта құрылымдау жұмыстарын белсенді жүзеге асырып жатыр.

Бұл туралы «Самұрық-Қазына» АҚ баспасөз қызметінен хабарланды.

«Самұрық-Қазына» АҚ еншілес ұйымдарының нысандары мен профильді емес активтерін қайта құрылымдау бойынша іс-шаралар 2013 жылғы 24 сәуірде «Самұрық-Қазына» АҚ Директорлар кеңесінде қаралған болатын.Қазіргі уақытта «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ, «Қазатомпром» ҰАК» АҚ, «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ және «Самұрық-Энерго» АҚ Директорлар кеңестері бекіткен нысандар мен профильді емес активтерді қайта құрылымдау бойынша іс-шаралар жүргізіліп жатыр. Нысандар мен профильді емес активтердің негізгі бөлігін еншілес ұйымдардың қарамағынан шығару 2013 жылға жоспарланып отыр.

Қайта құрылымдауға жататын, қызмет түрі мен іске асырылу мерзімі көрсетілген нысандар мен профильді емес активтердің тізімін еншілес ұйымдардың сайттарынан мына сілтемелер бойынша көруге болады:

«ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ: http://kmg.kz/manufacturing/reports/noprof/

«Қазатомпром» ҰАК» АҚ: http://www.kazatomprom.kz/ru/#!/corporate-documents

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ: http://railways.kz/node/3392

«Самұрық-Энерго» АҚ: http://www.samruk-energy.kz/index.phpoption=com_content&view=article&id=895&Itemid=237&lang=ru