«Самұрық-Қазына» АҚ-ның жаңа басқарушы директорлары тағайындалды

АСТАНА. 1 ақпан. ҚазАқпарат - «Самұрық-Қазына» АҚ басқарма төрағасының бұйрығына сәйкес қордың басқарушы директоры болып Қуаныш Бектеміров тағайындалды. Бұл туралы аталған қордың баспасөз қызметі хабарлады.

  Бұдан бұрын хабарланғандай, Алмасадам Сатқалиев қордың басқарушы директоры лауазымынан босатылып, «Самұрық-Энерго» басқарма төрағасы болып тағайындалды. Қ.Бектеміров бұған дейін «Энергоконтракт» ЖШС бас директоры болып жұмыс істеді.

Сонымен бірге, «Самұрық-Қазына» АҚ басқарушы директоры Данияр Әбілғазиннің орнына қорда мұнай-газ активтерін басқару бойынша директоры болған Мәлик Сәлімгереев тағайындалды. Берілген өтініш бойынша Д.Әбілғазинмен еңбек шарты тоқтатылды.