«Самұрық-Қазына Бизнес Сервис» ЖШС-ның бас директоры Давид Туганов 20 қаңтарда Астанада өткен Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар жөніндегі сараптамалық кеңестің барысында «Самұрық-Қазына» АҚ (бұдан әрі -Қор) ақпараттық технологияларының (АТ) дамуы туралы айтып берді. «Зерде» Ұлттық инфокоммуникация холдингі» АҚ-ның басшысы Әсел Жиенбаеваның төрағалығымен өткен іс-шараға Қазақстандық IT-компаниялар қауымдастығының, сондай-ақ ұлттық және шетелдік компанияларының өкілдері қатысты.
Ұсынылып отырған АТ-ны дамыту тұжырымдамасы Қор компаниялар тобының ұзақ мерзімді құнын арттыруға және ұлттық экономиканы әртараптандыру мен жаңғыртуына бағытталған стратегиялық мақсаттарды көздейді. Сондықтан IT-бағытының басты міндеті қазіргі заманғы ақпараттық технологияларды пайдалану есебінен қоржынды компаниялардың бизнес мүмкіндіктерін кеңейту болып табылады.
«Соңғы 3 жыл ішінде Қор компанияларының тобында бірнеше бастамалар жүзеге асырылды. Атап айтқанда, бұл АТ-лар департаменттерінің құрылымының қайта қаралуы, қоржынды компанияларда CIO (ағылш.тілінен: Chief Information Officer, АТ жөніндегі директор) институтының енгізілуі, деректерді басқару және кәсіпорын құрылымы жөніндегі кеңселердің құрылуы. Қазіргі таңда жалпы қызмет көрсету орталықтары, құзырет орталықтары мен АТ-ның киберқауіпсіздігі жөніндегі орталықтар ашылуда. Біз бизнес сұранысына ие АТ-лар, киберқауіпсіздік және деректерді басқару мамандарын өсіру мақсатымен техникалық жоғары оқу орындарымен белсенді өзара қарым-қатынасты жалғастырамыз», - деді Д. Туганов. Сондай-ақ, ол Қор компаниялар тобының кешенді кемелділігін арттыруға бағытталған «Самұрық-Қазына» АҚ-ның ауқымды Трансформациялау бағдарламасы аясында қызметкерлер мен технологиялар дамытуына инвестициялау қажеттілігін, сонымен қатар - бағдарламалық қамтамасыз етудің сапасына, сенімділігіне және икемділігіне қойылатын талаптарды арттыру керектігін атап өтті.
«Тиімді ұлттық ақпараттық-коммуникациялық технологиялар экожүйесі болмаса Қордың компаниялар тобында АТ-ның нәтижелі дамуы мүмкін емес, сондықтан біз «Зерде» холдингі, отандық және әлемдік өнім берушілер, университет өкілдері және бизнес-компаниялармен ынтымақтастығымызды жалғастырамыз. Біз «Зерде» ұсынған өзара ынтымақтастық алаңына ризашылығымызды білдере отырып, еліміздегі IT-саласына қатысты мәселелерді ашық талқылауға дайынбыз», - деді Д.Туганов.
Кездесу қорытындысы бойынша қатысушылар келесі сараптамалық кеңес отырыстарының бірінде «Самұрық-Қазына» АҚ-ның сатып алу жаңа тәртібін, соның ішінде, бағдарламалық қамтамасыз ету мен АТ қызметтеріне қатысты мәселер ұсынылады деп келісті.