«Самұрық-Қазына» экономиканы цифрландыруға айтарлықтай үлес қосып отыр - Асқар Жұмағалиев

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ« АҚ-да Модернизациялау жөніндегі кеңестің отырысы өтіп, онда қорға қарасты компаниялардың цифрлы трансформациялану барысы талқыланды, деп хабарлайды »ҚазАқпарат« ХАА тілшісі.

Кеңес жұмысынаЦифрлық даму, инновациялар жәна аэроғарыш өнеркәсібі министрі Асқар Жұмағалиев,қордың басқарма төрағасы Ахметжан Есімов және қоржындық компаниялардыңбасшылары қатысты.

Кеңес отырысын ашқан Ахметжан Есімов 2018 жылы трансформациялау бағдарламасыайтарлықтай өзгеріске ұшырағанын атапөтті. Қор трансформациялау және цифрландыру бағдарламаларын біріктіріп, олардыбарынша тиімді жұмыс істейтін бір бағдарламаға айналдырған. Осылайша, трансформациялаубағдарламасына енетін жобаларды таңдау жолы да өзгерді. Себебі жобалардыңнегізгі мақсаты «Самұрық-Қазынаға» қарасты қоржындық компаниялардың бизнесүдерістерін жақсарту болғандықтан, жобалар енді қатаң тәртіппен іріктеледі.

Осы өзгерістерайтарлықтай нәтижелер көрсеткен. Мысалы, 2018 жылы таза пайда 28 млрд теңгегежетсе, 2019 жылы жобалардан күтілетін таза пайда 40,7 млрд теңгені құрайдыдеген болжам бар.

«Өткен жылыкүтілетін пайдасы зор екендігін көрсетіп, жобаларға айтарлықтай мол бюджетсұраған қоржындық компаниялармен қызу пікір таластырған едік. Оларға бағындырылатыннақты көрсеткіштерді көрсетуге тура келді. Есесіне бүгін өздері баяндайтынжобалар шынымен де табыс әкеліп, бәсекелестік артықшылықтары барынбілеміз», - дейді қордың басқарма төрағасы Ахметжан Есімов.

Қоржындықкомпаниялар цифрлы трансформациялау бойынша өздерінің негізгі жобаларынтаныстырды. «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ мұнай өңдеу зауыттарындағы жөндеуаралықкезеңді ұзартатын жобасын; «Қазақстан Темір Жолы» ҰК» АҚ тасымалдау құжаттарын қағаз түрінде рәсімдеуәдісінен электронды форматқа ауысу жобасын; «Қазпошта» АҚ «ҚазақстанРеспубликасында В2В2С қызметтерін дамыту» жобасын таныстырды. Жалпы,жаңартылған бағдарламаға 56 жоба мен 98 іс-шара енген.

«Самұрық-Қазына»- Қазақстандағы цифрландыру бағдарламасындағы негізгі ойыншылардың бірі. Қордыңцифрландыру жобалары амбицияға толы. Олар ел экономикасын цифрландыруғаайтарлықтай үлес қосатынына сенімдімін«,- деп атап өтті Цифрлық даму,инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Асқар Жұмағалиев.


Цифрлытрансформациялау бағдарламасының мақсаты - компаниялар тобының тиімділігінарттыру арқылы негізгі өндірістік мәселелерді шешіп, стратегияларды жүзегеасыру.

Естеріңізге салакетейік, өткен жылғы кеңесте «Самұрық-Қазына» басшысы Ахметжан Есімовтрансформациялау бағдарламасын Қорға қарасты қоржындық компаниялардыңбизнестегі міндеттеріне барынша сәйкестендіруді, «ауадан» алынатын цифрлардыазайтып, трансформациялау арқылы әрбір компанияның табысын көбейтетін жаңашешімдер табуды тапсырған болатын.

Соңғы жаңалықтар