«Самұрық-Қазына» - ХХХ жазғы Олимпиада ойындарына қатысатын ҚР Ұлттық құрамасының ресми серіктесі

АСТАНА. 12 маусым. ҚазАқпарат - «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры ХХХ жазғы Олимпиада ойындарына қатысатын ҚР Ұлттық құрамасының ресми серіктесі болды.

 Осыған орай ертең ҚР Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі мен «Самұрық-Қазына» АҚ-ның арасында қызметтік меморандумға қол қойылады.

«Меморандумды ҚР Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің төрағасы Т.Ермегияев пен «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ-ның төрағасы Ө.Шөкеев рәсімдейді. Шара соңында БАҚ өкілдерімен баспасөз маслихаты өтеді», - делінген қордың баспасөз хабарламасында.