«Самұрық-Қазына» холдингі құрылымдарын оңтайландырудың барлық нұсқалары қаралады

АСТАНА. 16 қаңтар. ҚазАқпарат - «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры басқармасының төрағасы Өмірзақ Шөкеев «Комерсантъ» («Ъ») басылымына берген сұхбатында холдинг құрылымдарын оңтайландыру нұсқалары жайында әңгімеледі.

«Өз уақытында «ҚазМұнайГаз» Барлау өндіру» компаниясы арқылы нарықта жаңа компанияның үлесін кейіннен сату жолымен кері қайтарып алу нұсқасы қарастырылды. «ҚазМұнайГаз» Барлау өндіру» акциясы қазіргі уақытта еркін айналымда болғандықтан кері қайтарып алу жолы арқылы біріктіру нұсқасы жарамсыз болды. Бұл жақсы идея. Жалпы, таяу арада біз «Самұрық-Қазына» холдингінің барлық құрылымдарын, оның ішінде «ҚМГ»-да оңтайландырудың барлық нұсқаларын қараймыз. Егер де жекелеген бөлімшелер қызметінің қайталануы немесе тиімділігі мен қажеттілігі күмән тудыратындай фактілер болса, онда біз ондай құрылымдарды қысқартамыз не болмаса біріктіреміз», - деді Ө.Шөкеев.