АСТАНА. 5 сәуір. ҚазАқпарат - «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ кадрларын оңтайландырудың нәтижесінде 6,5 млрд. теңге үнемдейді.
Бұл туралы бүгін аталған қордың басқарма төрағасы Өмірзақ Шөкеев мәлім етті.
«Әкімшілік шығындардың жиынтық қысқару сомасы 2012 жылы 6,5 млрд. теңгені, оның ішінде 5,5 млрд. теңге жалақыға арналған қаржыны құрайды. Бұл осы кезеңде атқарылған жұмыстардың нәтижесі. Жұмыстардың одан әрі жалғасатындығы түсінікті», - деді ол.
Марлан Жиембай
Абай облысының Аягөз ауданында дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің филология факультетін бітірген. 2005 жылдан бері "ҚазАқпарат" халықаралық ақпарат агенттігінде жұмыс істейді.