Бұл туралы Халықтық IPO бағдарламасының ресми сайтында хабарланды.
Мемлекеттік холдингтің баспасөз қызметінен хабарлағанындай, аталған жоба «ағымдағы шоттардағы қаражат санын азайту және оларды салымдарда (депозит) ұлғайту, валюта сатып алу-сату операцияларын орталықтандыру, компанияның барлық топтарында банктік тарифтерді төмендету мен біріздендіру жұмыстарын жүргізу есебінен» 15 миллиард теңгеден астам қаражатты үнемдеуге мүмкіндік берген. Мұндай мәліметтер «Самұрық-Қазына» басқармасының 14 тамызда өткен кеңейтілген отырысында айтылды.
«Басқарма отырысында «Самұрық-Қазына» АҚ-ның Қорда және оның бірқатар еншілес компанияларында, атап айтқанда, «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ, «ҚазПошта» АҚ, «ҚТЖ» ҰК» АҚ, «Самұрық-Энерго» АҚ қазынашылық операцияларды басқарудың нысаналы үлгісін қанатқақты негізде енгізу бойынша қаржылық бөлігінің есебі тыңдалды. Бұл жоба ақшалай қаражаттарды тиімді пайдалануға, қарыз ауыртпалығын азайтуға, қор компанияларының табыстылығы мен құнын арттыруға бағытталған»,-делінген баспасөз баянында.
Жаңа қазынашылық үлгіні холдингтің барлық еншілес компанияларында 2013 жылдың аяғы мен 2014 жылдың басында енгізу қарастырылған.