Бұл туралы «ҚазМұнайГаз» АҚ баспасөз қызметі хабарлады.
Жарыс бағдарламасындағы мини-футбол, волейбол, асық ату, үстел теннисі және шахмат секілді спорттың бес түрінен өткен додаға «Самұрық-Қазына» компаниялары тобының 19 кәсіпорнынан 350-ден астам адам қатысты. Спартакиада жеңімпаз атанған «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ құрамасы «ҚазМұнайГаз - өңдеу және маркетинг» компаниясының спортшыларынан құралғанын атап өткен орынды. Құрама сапында компания намысын қорғаған Атырау, Астана, Алматы, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Павлодар облыстарынан келген спортшылардың бәрі де тамаша ойын көрсетті.
Спартакиаданың жалпыкомандалық есебінде екінші орынды 112,5 балл жинаған «Қазақстан темір жолы» ҰК АҚ иеленді, ал үшінші орынды тиісінше 110,5 балл жинаған «Самұрық-Энерго» АҚ пен «KEGOC» АҚ құрама командалары бөлісті.