Оған «Самұрық-Қазына» АҚ демеушілік көмек көрсетіп жүрген барлық республикалық спорт федерацияларының өкілдері қатысады. Күн тәртібінде біріншіден, «Самұрық-Қазына» АҚ-ның имиджін алға жылжыту жұмыстарының стратегиясы мен жоспарын таныстыру. Екіншіден, Қазақстан спорты туралы жаңа порталдың тұсаукесері. Үшінші, 2011 жылдың 4-тоқсаны мен 2012 жылғы 1-тоқсанның қорытынды есебі тыңдалады.
Қазіргі таңда «Самұрық-Қазына» көмегін 14 спорт федерациясы мен «Астана» баскетбол клубы пайдалануда. Олардың ішінде Грек-рим, еркін және әйелдер күрестері федерациясы, Су спорты түрлері федерациясы,. Таэквондо федерациясы, «Қайық» ескекті спорт түрлері федерациясы, Гимнастика федерациясы, Спорттық ату федерациясы, Шахмат федерациясы, Велоспорт федерациясы, Қол добы федерациясы, «Қазақ күресін қолдау қоры, «Астана» баскетбол клубы мен «OFF Road Kazakhstan» қоғамдық бірлестігі бар.