14:35, 21 Сәуір 2009
«Самұрық-Қазына» қоры Астана мен Алматы қалаларындағы 20 мыңнан астам үлескердің проблемасын шешуді жоспарлап отыр
АСТАНА. Сәуірдің 21-і. ҚазАқпарат /Ернұр Ақанбай/ - «Самұрық-Қазына» Астана мен Алматы қалаларындағы 20 мыңнан астам үлескердің проблемасын шешуді жоспарлап отыр,
деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Үлескерлер мәселесін шешу үшін біз банктер арқылы, «Даму» қоры және «Жылжымайтын мүлік» қоры арқылы жұмыс істеп жатырмыз. Біздің іс-шаралар Астана қаласында 14 мың 525 үлескер мен Алматы қаласында 6 мың 130 үлескерді қамтиды. Егер осы екі мегаполис бойынша тұтас қарастыратын болсақ, «Самұрық-Қазына» арқылы 20 мыңнан астам үлескердің проблемаларын шешеміз», деді бүгін Үкімет отырысында Қор басшысы Қайрат Келімбетов.
Сонымен қатар, ипотекалық несиені қаржыландыру арқылы көп адамға мүмкіндік беру үшін бағдарламаға өзгерістер енгізілгендігіне тоқталған Қ. Келімбетов: « Осы бағдарлама арқылы 30 мың несие алушыға көмектесе аламыз», деді.