«Самұрық-Қазына» қоры электрондық сатып алулардан 161 млн. теңге үнемдеді

None
АСТАНА. 19 наурыз. ҚазАқпарат - «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ электрондық сатып алу жүйесін енгізгелі бері 161 млн. теңге үнемдеді.

Бұл туралы бүгін қазақстандық қамтуды дамыту мәселелеріне арналған Қоғамдық кеңестің отырысында «Самұрық-Қазына-Контракт» ЖШС бас директоры Серікбек Елшібеков мәлім етті.

«Жаңа жүйе енгізілгелі бері сатып алу жөнінде жалпы жария етілгені - 2817 болса, оның ішінде 446 сатып алу шаралары жүзеге асты. Соның нәтижесінде қазірдің өзінде 161 млн. теңге үнемделді. Бұл жалпы жоспарланған соманың 19 пайызын құрайды», - деді С. Елшібеков.

Еске сала кетсек, электрондық сатып алу жүйесі биыл ақпан айынан бастап жұмыс істей бастаған болатын.