«Самұрық-Қазына» қоры ертең Шымбұлақ тау-шаңғы курортын қаржыландыруды бастайды

АСТАНА. Мамырдың 14-і. ҚазАқпарат /Ернұр Ақанбай/ - «Самұрық-Қазына» қоры ертеңнен бастап Алматыдағы Шымбұлақ тау-шаңғы курортын қаржыландыруды бастайды,

деп хабарлайды ҚазАқпарат.«Ертеңнен бастап біз Шымбұлақ тау-шаңғы курортын, Ақтау халықаралық теңіз сауда айлағын қаржыландыруды және Тараздағы ферроқорытуды өндіруді жаңғыртуды бастаймыз. Екібастұздағы 2-ші ГРЭС, Балқаш жылу электр стансысын және басқа да нысандарды Инвестициялық комитет инвесторлардың қаражаттарын тарту арқылы жүзеге асыруды ұсынып отыр», - деді бүгін Үкіметтегі кеңесте Қ. Келімбетов. Қ. Келімбетов «Самұрық-Қазына» қорына инфрақұрылымдық, инновациялық және инвестициялық жобаларды жүзеге асыру үшін 120 млрд. теңге бағыттау тапсырылғанын еске сала келе: «Қорда Арнайы инвестициялық комитет құрылды. Ол көптеген жобаларды қарастырып, жалпы құны 19,5 млрд. теңге болатын 25 жобаны іріктеп алды», - деді.