«Менің ойымша, қазіргі кезде «ҚазМұнайГаз» құрамында екі құбыр компаниясын ұстау орынсыз, сондықтан «ҚазТрансГаз» және «ҚазТрансОйл» компанияларын болашақта біріктіруді ұсынамын. Сонымен бірге қызметтің өзге түрлеріне байланысты шығыстар бөлек есептеліп, тасымалдау бойынша тарифтерге түспес үшін газды сату мәселелерін бөлек компанияда топтау қажет», - деді Ө.Шөкеев. Осы орайда ол бұл бағыттағы бірігу кезінде халықтық ІРО-ға шығарылған «ҚазТрансОйл» акциялары бойынша сұрақ туындайтынын айта келе «Біз бұл акцияларды миноритарлық акционерлердің құқықтарын сақтай отырып біріккен компанияның акцияларына трансформациялауды ұсынымыз», - деді.
13:29, 18 Қараша 2015
«Самұрық-Қазына» қоры «ҚазТрансГаз» және «ҚазТрансОйл» компанияларын біріктіруді ұсынды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Болашақта «ҚазТрансГаз» және «ҚазТрансОйл» компанияларын біріктіру керек. Бұл туралы бүгін Ақордада Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен өтіп жатқан Үкіметтің кеңейтілген отырысында «Самұрық-Қазына» АҚ басқарма төрағасы Өмірзақ Шөкеев мәлім етті.