деп хабарлайды ҚазАқпарат Қордың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Баспасөз қызметінің мәліметінше, жиын барысында Қор мен оның құрамындағы компаниялардың шаруаларына қатысты бірнеше маңызды мәселелер қаралды.
Қытай мемлекеттік даму банкінің несиелік жүйесінің игерілуі жайлы ақпарат қарастырылды. Бұған қоса, «Самұрық-Қазына» қорының Корпоративті басқару кодексін жүзеге асыруға қатысты бірқатар ішкі құжаттар қабылданды. Сонымен қатар «Самұрық-Қазына» қорының жылдық бюджетінің жобасы бекітілді. Ол «Самұрық-Қазына» қоры жылдық бюджетін қадағалау, өзгерістер енгізу, бекіту, қалыптастыру ережелеріне сәйкес және 2010-2014 жылдар аралығындағы әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерінің болжамына сәйкес бекітілді. Күн тәртібіне қойылған барлық шешімдерге сәйкес тиісті шешімдер қабылданды.