Бұл туралы бүгін студенттер қауымымен кездескен Еуразия ұлттық университетінің ректоры Бақытжан Әбдірайым мәлім етті.
«Самұрық - Қазына» қорының төрағасы Қайрат Келімбетовпен жүргізілген келіссөздердің нәтижесінде біз студенттерге арналған жаңа жатақхананы салуды ұйғардық. Қордың қатысуымен жатақхананың құрылысын келесі жылда бастау жоспарланып отыр. Сондықтан алдағы 1-2 жылда Еуразия ұлттық университетінде студенттерді жатақханамен қамтамасыз ету мәселесі толығымен шешіледі», - дейді Б.Әбдірайым.