«Самұрық-Қазына» қоры жалпы құны - 19,5 млрд. доллардан астам 25 серпінді жобаны қарастырып жатыр - Қ. Келімбетов

АСТАНА. Сәуірдің 21-і. ҚазАқпарат /Ернұр Ақанбай/ - «Самұрық-Қазына» қоры қазіргі таңда жалпы құны - 19,5 млрд. доллардан астам 25 серпінді жобаны қарастырып жатыр. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында Қордың басшысы Қайрат Келімбетов мәлім етті,

деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Инновациялық-индустриялық және инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру шеңберінде біз 3,5 млрд. АҚШ долларынан астам, ал жалпы құны - 19,5 млрд. АҚШ долларынан асатын 25 жобаны қарастырып жатырмыз. Бұл энергетика, көліктік инфрақұрылым, мұнай-газ және өңдеуші өнеркәсіп саласындағы жобалар. Жобаларды қаржыландыру мамыр айынан басталады», деді отырыста Қ. Келімбетов.