Бұл туралы бүгін аталған қордың басқарушы директоры Берік Бейсенғалиев мәлім етті.
Оның сөзіне қарағанда, 100 инвестициялық жобаның ішіндегі 27-сі бүгінгі таңда іске қосылды. Ал, қалған 73 жоба жүзеге асырылып жатыр. Белгілі болғанындай, бұған қоса 51,7 млрд. АҚШ доллары көлеміндегі тағы 83 инвестициялық жобаны іске асыру мүмкіндігі қосымша пысықталуда.
«Алайда, бұл жобалардың барлығы қаржыландырылмауы мүмкін. Себебі, осы жобаларға толық талдау жасалғаннан кейін олардың кейбіріне тиым салынуы ықтимал».