Бұл туралы бүгін Алматыда өтіп жатқан V Қазақстандық инвестициялық саммитте белгілі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Корпоративтік басқарудың әлемдік деңгейіне «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ-на қарасты 50-ден астам компанияның төртеуі ғана сәйкес келеді. Олар - «ҚазМұнайГаз» , «Кегок», «Қазақтелеком» және «Қазақстан даму банкі». Біз таяудағы жылдары өзге компанияларды да өз нәтижелерін жақсартуға міндеттедік», дейді «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорының Басқарма төрағасы Қайрат Келімбетов. Оның айтуынша, Қазақстандағы өндірісті технологиялық жаңартудағы маңызды мәселе инженерлік-техникалық кадраларды дайындау болып отыр. Бұл бағдарламаны жүзеге асыруға өз ықпалын тигізбек.