Оған сәйкес, мамандарды жұмысқа алу кезінде ашықтық қағидаты сақталады. Бүгін «Самұрық - Қазына» қоры мен Еуразия ұлттық университеті арасындағы өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қою рәсімі кезінде Қор төрағасы Қайрат Келімбетов осылай мәлім етті.
«Мамандарды жұмысқа алу барысында олардың біліміне және кәсіби дайындығына баса назар аударылады. Мәселен, әлемнің жетекші білім ордаларында білім алып келген мамандар Қор әкімшілігінде, яғни басқару аппаратында жұмыс істесе, жоғары жетістіктермен көзге түскен қызметкерлер кіші менеджменттің резервіне қабылданады. Ал іс-тәжірибесі мол кәсіби мамандар топ-менеджмент резервіне кіре алады. Ол адамдар ел экономикасының «генералдары» десе болады. Біз ол жұмысты жүргізіп келеміз және одан кейін де жалғастыратын боламыз», - дейді Қ.Келімбетов.