«Самұрық-Қазына» қоры еліміздің негізгі стратегиялық маңызы бар активтерін өзінің құрамына шоғырландырған. Қазіргі кезде активтердің құны 91 млрд. долларды құрайды. Біздің қор құрамындағы компанияларда 360 мыңдай адам жұмыс істейді. Өздеріңіз білесіздер, «Самұрық-Қазына» құрмында мұнай-газ, темір жол, энергетика, телеком секілді салалардың негізін құрайтын ұлттық компаниялар бар», - деді Ө. Шөкеев «Самұрық-Қазына» АҚ трансформациялау бағдарламасы» тақырыбына арналған жиында.
Қор трансформациялау бағдарламасына былтырғы күзден бастап кіріскеніне тоқталған ол: «Сол уақыттан бері үлкен жұмыстар атқарылып жатыр. Осы орайда біздің әр еншілес компанияларымызда тиісті топтар құрылған», - деді.