Бұл туралы ҚазАқпарат Қордың баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
«Осы бағыт бойынша негізгі стратегиялық мақсаттардың бірі - Қор тобындағы компаниялардың ұзақ мерзімдік акционерлік құнын арттыру шараларын қарастыру. Бұл үшін Қор активтер құрылымын оңтайландырып, тиімді корпоративтік басқаруды және коммерциялық емес (әлеуметтік) жобаларды жүзеге асыру барысында ашықтықтар қамтылады. Сонымен қатар, осы уақыт аралығында Қор компанияларды басқаруда операциялық бақылау жасап, шығындарды қатаң қадағалап, қаржылық тәртіпті қамтамасыз ететін болады», делінген баспасөз айғағында.
Тоқтала кететін жайт, былтыр «Самұрық-Қазына» қоры Ұлттық Қордан дағдарысқа қарсы бағдарламаны игеру үшін бөлінген 1 трлн. 87,5 млрд. теңгені ашық, қайтарымды бағытта тиімді әрі тез игерген.