«Самұрық-Қазына» қорының сатып алу ережелерінен қазақстандық тауар өндірушілер үшін жеңілдіктер алынып тасталады

None
АСТАНА. 19 наурыз. ҚазАқпарат - «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ сатып алу ережелерінен қазақстандық тауар өндірушілер үшін барлық жеңілдіктер алынып тасталады.

Бұл туралы бүгін қазақстандық қамтуды дамыту мәселелеріне арналған Қоғамдық кеңестің отырысында «Самұрық-Қазына» АҚ басқарушы директоры Жұмағали Мыңжасаров осылай мәлім етті. Еске салсақ, Ұлттық әл-ауқат қоры алдағы уақытта қазақстанның ДСҰ-ға енуін ескере отырып, сатып алуларға қатысты жаңа ережелер жобасын әзірлеген болатын.

«Сараптама нәтижесінде біз мынадай шешімге келдік: ДСҰ регламенті ДСҰ-ға басқа да қатысушы-мемлекеттерінің өндірушілері секілді қазақстандық өндірушілерге де қандай да бір преференциялар ұсынуға мүмкіндік бермейді», - дейді Ж.Мыңжасаров. Оның айтуынша, ДСҰ талаптарына сәйкес, сатып алу ережелерінен отандық өндірушілерге ұсынылатын барлық преференциялар жойылады.

Ал жаңа ереже жобасында ішкі холдингтік кооперациялар мүмкіндігі, кәсіпкерлермен бірлескен жаңа кәсіпорындар құру мәселелері, компаниялардың жарғылық капиталына ену, сондай-ақ ұзақмерзімді келісімдер жасау шарттары сақталып қалатын болады.